Қытайда "Хато" дауылынан 12 адам қаза тапты

/uploads/thumbnail/20170824082959654_small.jpg

Кеше, сәрсенбі күні Қытайдың Оңтүстігінде соққан "Хато" дауылынынан 12 адам қаза тапты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі РИА Новости-ге сілтеме беріп.

Дауыл Қытайдың Макао, Гонконг әкімшілік аудандары мен Гуандун мен Фуцзянь провинцияларында болып өткен. Бір Макаоның өзінде 153 адам ауруханаға жеткізілген.

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, жуық арада елді мекенді ауыз сумен қамтамасыз ету қиынға соғуы мүмкін. «Хато» дауылының салдарынан 275 үй қиратылып, әуежайлар рейсі тоқтатылды. Ганконг қаласының өзіндегі зардап мөлшері 8 миллиард юаньды құрады.

Қатысты Мақалалар