Реседің Судандағы елшісі ел астанасы Хартумада өз үйінде өлі күйінде табылды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі РБК-ға сілтеме жасап.
Миргаяс Ширинскийдің мәйіті хауыз ішінен табылған. Алайда полиция қызметкерлері зорлықтың белгілері жоқ екенін жеткізген.
Елшінің өлімі туралы ақпаратты Ресейдің СІД растады. Рейтерстің мәліметіне сүйенсек, елшінің денсаулығы сыр беріп жүрген. Қазіргі уақытта Ресей елшісінің денесі мәйітханаға жеткізіліп, медициналық сараптама жасауға рұқсат сұратылған. Нәтижесінде 62 жастағы елшінің жүрек талмасынан қайтыс болғаны анықталды.