Сирия әскері Ресей әуе күштерінің қолдауымен Ганем-Али қаласының маңындағы «Ирак және Левант лаңкестік ұйымының» қарулы топтарына соққы беріп, 800 содырдың көзін жойды. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ мәліметіне сүйеніп хабарлайды.
Сондай-ақ лаңкестердің 13 танкі мен 39 көлігін және 9 зеңбірегін талқандады. Қазір жеңіске жеткен генерал Хасан Сухел әскері Ефраттың шығысындағы Дейр-эз-Зор қаласына қарай бет алған. Мақсат – содырлардың Сириядағы соңғы бекінісін қоршап, тас-талқан ету. Шаһардың өзі үкімет әскерінің қолында. Бірақ содырлар оны 2014 жылдан бері қоршауда ұстап, шабуылдап келеді.