GGG промоутері Коттомен болуы мүмкін жекпе-жек жайлы пікір білдірді

/uploads/thumbnail/20170828105014931_small.jpg

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің промоутері Том Реффлер GGG мен Мигель Котто арасында болуы мүмкін жекпе-жек жайында пікір білдірді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

«Мигель Коттомен қуана-қуана жекпе-жек өткізер едік. Біз оның Серхио Мартинеспен өткен жекпе-жегіндегі жеңістен бастап жақсы танып, сыйлаймыз. Сол кезде біз Серхиомен бірлескен жекпе-жек өткізгіміз келген, алайда Мигель оны соққының астына алып, жеңіске жетті. Егер GGG қыркүйекте Канеломен болатын жекпе-жегін сәтті аяқтаса, желтоқсан айында Мигельмен жекпе-жек өткізуіміз мүмкін», - деді Леффлер американдық репортерлерге берген сұхбатында.

Айта кетер болсақ, Котто мен оның бапкері Фредди Роуч Геннадий Головкин мен Сауль Альварес жекпе-жегінен кейін қазақстандық боксшыға деген қызығушылықтарын білдірген болатын.

Қатысты Мақалалар