Иранның солтүстік-батысында жер сілкінісінен 8 адам зардап шекті. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі РИА Новости-ге сілтеме беріп хабарлайды.
Тегеран геофизика университетінің мәліметінше, магнитудасы 4,9 болған жер сілкінісі дүйсенбі күні 03:44-те болған. Апат салдарынан көптеген ғимараттар қирап қалған. Қазіргі уақытта оқиға орнында құтқару қызметі жұмыс істеп жатыр.