Астанаға теннистен Аргентина командасы келеді

/uploads/thumbnail/20170828143225381_small.jpg
Қазақстан Дэвис Кубогының Әлемдік тобына шығу үшін Аргентина командасымен кездеседі. Екі ел теннисшілерінің кездесуі 15-17 қыркүйек күндері өтеді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«2017 жылдың 15-17 кыркүйегінде Астана қаласының Ұлттық теннис орталығында Дэвис Кубогының плей-офф матчы өтеді. Қазақстан Әлемдік топқа шығу үшін Дэвис Кубогының чемпионы Аргентина командасымен сынға түседі. Қазақстан мен Аргентина командаларының құрамы матчқа 10 күн қалғанда белігілі болады» делінген Қазақстан теннис федерациясы таратқан баспасөз хабарламасында.

Бұған дейін Қазақстан командасы 7-9 сәуірде Қытай командасын (Азия және Мұхит аралық аймағының I тобы) 4:1 есебімен жеңген болатын.

Қатысты Мақалалар