28 тамызда Үкімет үйінде ҚР Премьер-министрі Бақтыжан Сағынтаев АҚШ Энергетика министрінің бірінші орынбасары Дэн Бруйллэтпен энергетика саласында екіжақты ынтымақтастықты нығайту мәселелері бойынша кездесу өткізді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Премьер-министрдің ресми сайтына сәлтеме жасап.
Кездесу барысында Қазақстанда американдық ірі трансұлттық компаниялармен бірлескен индустриалды жобаларды іске асыру барысы талқыланды.
Сондай-ақ, тараптар энергетикалық серіктестік бойынша қазақстандық-американдық бірлескен комиссия жұмысын нығайту арқылы жаңа технологиялар мен зерттеулер саласында ынтымақтастықты кеңейту келешегін қарады.