А. Жүсіпов пен Винченцо жекпе-жегінің видеосы жарияланды

/uploads/thumbnail/20170829105306416_small.jpg

Гамбург қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында қазақстандық боксшы Абылайхан Жүсіповтің италия спортшысы Винченцо Манджакапремен болған жекпе-жегінің видеосы жария болды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Айта кетер болсақ, қазақстандық боксшы Абылайхан Жүсіпов италияндық Винченцо Манджакапремен жұдырықтасқан болатын. Жекпе-жектің бастапқы кезеңінде төрешілер Абылайдың жарақатына байланысты үшінші раундта жұдырықтасуды тоқтатып, жеңісті италияндық спортшыға берген болатын. Алайда, төрешілердің бұл шешімін әділетсіз деп тауып, қайта қаралған еді. Нәтижесінде, жеңіс жерлесіміз Абылайхан Жүсіповке бұйырды.

Қатысты Мақалалар