Конституцияның 22 жылдығына орай Астанада Ұлттық ұланның орталық мұражайы ашылды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі 24.kz-ке сілтеме беріп.
Мақсат – «Рухани жаңғыру» жобасын жүзеге асыруды, сондай-ақ құқықтық тәртіп әскерінің тарихы мен жауынгерлік дәстүрін насихаттау. Халық өз батырларын тануға тиіс. Олардың есімі әскери бөлімдердегі жауынгерлік даңқ бөлмелері мен орталық мұражайда мәңгі сақталатын болады.
Мұражай астаналық бригада ғимаратында орналасқан. Экспонаттарға жауынгерлік тулар, орден және медальдар, қару-жарақ коллекциялары, жауынгерлердің әскери киім үлгілері кіреді. Сонымен қатар онда Ұлттық ұланның құрылымдық бөлімшелерінің тарихынан хабар беретін құжаттар қойылған.