Нью-Йорктегі Ресейдің бас елшісі Сергей Овсянниковтың айтуынша, жақын арада ресей-америка қарым-қатынасында оңтайлы өзгерістер бола қоймайды. Алайда, қандай жағдай болмасын ресейлік дипломаттар өзідерінің жұмыстарын жалғастыруы қажет, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Риа новости сайтына сілтеме жасап.
«Ресей-америкалық қарым-қатынастарға байланысты қандай да бір болжам айту қиын. АҚШ тарапынан оң көзқарастар туындап, русофобия тоқтайтын болар деген үміттеміз. Америкалықтардың өздері барлық жағдайды түсініп, артқа шегінулері қажет. Дәл қазіргі кезде болып жатқан оқиғалар, айтылып жатқан сөздер, конгрессте орын алып жатқан жағдайлар мен америкалық саясаткерлердің пікірлеріне сүйеніп айтар болсақ, жақын арада ресей-америка қарым-қатынасында оңтайлы өзгерістер болады деп айта алмаймын. Алайда, қандай жағдай болмасын, ресейлік дипломаттар өз жұмыстарын жалғастыруы қажет», - дейді Овсянников «Комсомольская правда» газетіне берген сұхбатында.
Айта кетер болсақ, Мәскеу Ресейдегі АҚШ дипмиссия қызметкерлерінің санын 755 адамға дейін қысқартуға шешім шығарған болатын. СІМ мәліметіне сәйкес, осылай Ресей билігі АҚШ-тың Ресейге қарсы салынған санкцияларға жауап берген.
Өз кезегінде, АҚШ 23 тамыздан бастап бүкіл Ресейге нимиграционды виза беруін тоқтатқан болатын.