Қарағанды шахтасында метан газы жарылды

/uploads/thumbnail/20170831082249868_small.jpg

Қарағанды облысы Шахтинск қаласындағы «Қазақстандық» кенішінде төтенше жағдай орын алды. Таңғы 4-тер шамасында метан газы атылған деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ІІМ Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме беріп.

Бұл уақытта жер астында 136 адам болған. Ал апат орын алған аумақта 4 кенші болыпты. Алдын ала мәлімет бойынша, 3 адам ес-түссіз жатыр.

Қазір оқиға орнында әскерилендірілген апаттан құтқару қызметінің мамандары жұмыс жасап жатыр. Апаттың неден болғаны нақтыланады. Бұл шахта «АрселорМиттал Темиртау» компаниясына тиесілі. 

Қатысты Мақалалар