Ақын Ардақ Ошанның өлеңдерін назарларыңызға ұсынамыз.

Бейнеңді көргенімде сонадайдан, Бір жалын өн-бойымды орап алған, . Тағдырға нәлет айтам адастырып, Өзіңді өзге менен жарастырып, Тырдай ғып бақытымды тонап алған. Сен неге басқа қыздан дара тудың? Ақынның жайлап алды санасын мұң. Өзіңді көру де азап көрмеу де азап, Күйі кеткен көңілді күйік қажап, Қақпандағы қасқырдай аласұрдым. Мені саған, біреуге теліп сені, Өтті ғой басымыздан көп іс тегі. Мені атарға қалтаңда оғың болмай, Саған қанжар сілтеуге қолым бармай, Қанжығада жүрміз-ау көрскелі. Тағдырдың екеуімізді қоспағаны, Мәңгілік махаббатты жоқтағаны. Буынып өлгел жүр деп бұрымыңа, Түк таппай маған келіп ұрынуға. Дұшпанның батады екен оттағаны. Жамылып ап пердесін қара түннің, Терезесін жаныңның қағатынмын. Жігіт болсаң дос болып кетередік, Талай татты арманға жетер едік, Әйел болып несіне жаратылдың. *** Сағындым, сенде сағындың, Бүлдіріп кетті барын кім? Болмстың қатал заңына, Бағындым, сенде бағындың. Өмірдің өзі көк заңғар, Түсінбей кетті көп жандар. Біріне-бірі байланған, Сағыныш пенен армандар. Толтырып мұңға қалтаңды, Күдік кеп жүгін артады. Сол шақта арман сағыныш. Сенімді алға тартады. Жоныңа шығып жорға мұң, Түскенде құсың торға мың, Сол кезде алғы күндерді, Сағынбай жүрсең сорладың. Сырғыйды бастан сары қыс, Жадырау менен жабығыс, Сағынсаң барын сағынғын, Өмірдің өзі сағыныш. ***
Қас қарайып барадыҚас қарайып барады, қас қарайып, Неге отырсың жанарды жасқа малып. Батар күннің ақырғы арайындай, Көкіректе бір ойдың жатқаны анық. Өшті сәуле белден де белестен де, Екеу ара боларед кеңескенге. Қалтыраған сезімде не сан болсын, Көкіректен сұп-сұық жел ескенде. Не айтасың мен саған не айтамын? Айта берсем пәлені ұлғайтамын. Бебеулеген сезімге дауа таппай, Біліп тұрмын бүгінде құр қайтамын. Қас қарайып барады, қас қарайып, Қас пен бірге отырсың тас қарайып, Махаббаттың бағына өріт кеткендей, Жаман ырым жаным ау бастамайық. *** Іңкәр қылып көзғарасың, күлісің, Мен өзіңді деп жүруші ем ырысым, Қапиада адастырып кеткенде, Бір шындықты сезді менің қу ышым. О біреуді құлай сүю құрысын. Барлық бақыт менде еді сен күткен, Сүйсем деп ем бір ғажайып ерлікпен. Мен қалайда Кебек бола алар ем, Неге Еңілік бола алмадың Еңңлік сен, Үмітімді кеткенің-ай жер ғып сен. Жетегінде сен кеткенде басқаның, Мендағы бір көзсіз ерлік бастадым, Саған деген махаббатты шыр еткен, Түсік қылып түсірдім де тастадым, Қажаламай қайғы мұңның қаспағын. Енді еркің сына мейлі сынама, Бастан кешпей барын адам ұғама, Сені аңсайтын сол алғашқы махаббат, Жер бетінен табылмайды сірәда, О жаратқан жаза көрме күнәға... *** Әлі есміде бір қызық кеше көрген, Машина көп заулайтын көшелерден. Құны бес жүз мың сомдық машинаға. Соғылып бес мың сомдық есек өлген. Қанға батқан қаумалап ақымақты, Көп адамның бұл ісге басы қатты. Торт көше де тырайып жатқан сабаз. Төрт-бес сағат бөгеді қатынасты. Машина тұр тұмсығы жапырылған, Иесі тұр жарылып ашуынан. Есек жатыр ерлігін бір көрсетіп, Мына әлемді келтірмей асығынан. Тілші келді көтеріп аппаратын, Сақшы келді шоферден ақы алатын. Орта қорғау орны да даяр болды, Жануарды бақиға апаратын. Кім ойында далада қара от жеген, Есек қаңғып қалаға келет деген. Сол есектің атағы кетті алысқа, Телевизор кешкілік газеттермен. Осы хабар дүр етіп тарағанда, Пайда болды тосын ой бар адамға, Еркекше өлді деймізбе сол есекті, Қасқыр жеген есекке қарағанда? ***
Ерентаудың көктеміӘлі есімде Ерентаудың сол быр жылғы көктемі, Сол көктемде менің бала махаббатым көктеді, Көк төбеге көк аспаннан күн күлімдеп төнгенде, Жағалауға жыпырлаған бал құрақтар өнгенде, Көрші қыздың көлбеңдеген көк көйлегін көргенде, Солай қарай үмтілушед ынтғушед өр кеуде. Жайлап ғана жыртып алып өлең жазған дәптерден, Ұялғаннан өле жаздап қызға тұңғыш хат бергем. Сонда маған насып болып айқара ұстау аш белден, Махаббаттың балын ішіп үйге тұңғыш мас келгем. Сол көктемнің бізге тартқан сыйына құн жетпейтін, Бақыт біздің басымыздан алыс ұшып кетпейтін, Бірімізді-біреуіміз жолымыздан тосып ап, Қойымызды жаятынбыз қоңыр дөңде қосып ап. Жар жағалап ойнақтайтын лағымыз-қозымыз, Соған қарап маз-майрам боп отырыушек өзіміз. Сол көктемде тай-тай басқан балалықты жоғалттым, Сол көктемде көрші қызға жанарымнан оқ аттым. Сол көктемде сездім тұңғыш қыз ернінде бал барын, Сол көктемде тұңғыш рет айта алмаймын аржағын. Жайсаң жазға шешіп беріп гүл-бәйшешек шекпенін, Қуанышта байқамаппыз ерке көктем өткенін, Ай аяңдап Ерентауға түсі суық күз келді, Қарашаның қара бұлты екі айырды біздерді, Күзбен бірге көрші ауыл көшіп кетті алысқа. Жанарымнан жас төгілді тыртыссамда намысқа. Содан бастап жек көремін Ерентаудің сұр күзін, Құшағымнан алып қашқан көк көйлекті қыр қызын. Арманымды ап келердей алыстағы аңсаған, Ерентаудің ар көктемін сағыншпен қарсы алам. ***
Ата жұртҚара таудың басынан көш келеді, Деген әуен салады еске нені? Алаш текті арқалы ер қазағым, Атажұртқа көшкейсің көшсең енді. Тіліңде аман тұрғанда басыңда аман, Аттың басын елге бұр аңқылдаған. Шетте жүрген қазақтың ұл қыздары, Күндіз-түны сағынып жатыр далаң. Ауыр күндер көтертпей өр еңсесін, Қанға батқан қаусырып кіреукесін. Ата-бабаң қаншалық армандап ед, Дәл бүгінгі көк тудың көлеңкесін. Ақ Жайығы, Арқасы, Атырауы, Бар қазақты қойнына шақырады. Тамырында қазақы қаны бар жан, Ата жұртқа жеткенше асығады. Келген шығар кезіміз сөзді ұғатын, Ата жұртты арқалы елді ұғатын. Өз отаның тұрғанда өзгелердің, Қабағына жаутаңдап не ғыласың ? Отан десе өзегі оталатын, Қазағымның бірлгі босамасын. Бөтен елдің сыйлаған қақ төрінен, Атажұрттың артық қой босағасы. Қара таудың басынан көш келеді, Көшкен елге берейін көк төбемді. Алаш текті арқалы ер қазағым, Атажұртқа көшкейсің көшсең енді.
БөлтірікАлғысын ап талай-талай кісінің, Жанғанына риза боп ісінің. Әкем менің атып алып арланын, Үйге әкелді қасқырдың бір күшігін. Ұмытсын деп жыртқыш тегін кешегі, Ауызына пысқан тамақ төседі. Үйірлессін адамдарға деп ойлап, Күнде бір жол аралаттық көшені. Малды көрсе жағаласып алысып, Қолға мүлде көнер емес қарысып. Тау басынан ұлығанда көкжалдар, Ол ауылдан үн қосады жарысып, Аңсағандай алып қойнын орманның, Екі көзі үрейін ап көп жанның. Күз келгендебөлтірігім есейіп, Өзі болды қанжар азу көкжалдың. Жан баласы түсінбейтін бір түрлі, Бөлтіріктің жанарында мұң тұнды. Қолға енді үйренді ау деп жүргенде, Бәрімізді кетті өкінтіп бір түні. Бәр тоқтыны тамақтан ап өлтіріп, Көмекейін ыстық қанға толтырып. Шынжырынан босап кеткен сәтінде . Жалғыз түнде ғайып бопты бөлтірік. Кетті ғой ол жасау үшін тік тұрып, Бізгеде бір ұлылықты ұқтырып. Істелседе талай алдау-арбаулар, Табыйғатын ұмытпауы мықтылық.
Тауға барып келейінЖексенбі мен сенбіден пайдаланып, Тауға барып келейін тауға барып. Көршілерім аман-сау жатырма екен, Көш алдынан шығатын айран алып. Әлі есімде, барлығы әлі есімде, Самаладай сырғауыл төбесінде. Аунап-қунап бір түнеп қайтайын да, Әкем марқұм сап кеткен ағаш үйде. Тағдырыма қарадай бұлданғанша, Бүгінімнің соқпағын тыңнан жасап. Бозайғырдың бозала үйіріне, Ашы төгіп қайтармын тым болмаса. Беткейінен шыл шулап, ұлар ұшқан, Бүгін бірақ арамыз тұр алыстау. Біз көшкенде қалып ед жетімсіреп, Бала күнді ұрлаған кары қыстау. Қарлы таудың қаһарлы қатпарында, Ойнап өскен жігіт ем ат жалында. Бөрінің де дауысын сағынамын, Бейқұт үйде қамалып жатқанымда. Бары есімде, қойнауы беткейі де, Таныс еді қарғасы, кептері де. Ата қоныс алаңдап жатырма екен, Алты ай қыста бір бармай кеткеніме. Тауға барып келейін тауға барып, Тауда қалған тағдырым таңбаланып. Тауда өскен қазақтың жүрегінің, Тауға қарап ұлуы айдан анық. *** Күндерге қамшы басып еңістеген, Есте жоқ елге ұсынар жеміс деген. Жырымдап ғұмырымды жеп жатырмын, Әттең-ай, не істегем, не істегем? Тербеген аялаған толыстырған, Тосын тұғыр етегін қоныс қылған. Туған елге күні ертең есеп берсем, Ештемемде жоқ екен оңып тұрған. Жебедейін үзілген сағасынан, Ескі тондай айрылған бағасынан. Өлеңімді ұсынсам болар еді, Кімге таңсық өлеңің шала туған. Тағы нем бар ойлайын қиялдайын, Мынау елге қаншалық сый арнаймын. Әндерімді ұсынсам болар еді, Қай құлаққа жағады құр айғайың. Құр күйбеңге алданып, болмашыға, Қалғамын не ғұмырдың көзжасына. Ақыл айтсам боларед ертеңі үшін, Бірақ ақыл жетпей жұр өз басыма. Тұлпарымды тынымсыз көсілдірген, Қара жолға қадалып көшім жүрген, Мынау елге беретін түк таба алмай, Отым шығып бетімнен отырмын мен. Дайындаған: Ерлан Төлеубай