Ерлан Біләл "Намыс" орденімен марапатталды

/uploads/thumbnail/20170708160356871_small.jpg

30 қараша күні Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында ҚР Тұңғыш Президенті күнінде ұйымдастырылған салтанатты кеште, ҚР мәжілісінің депутаты, Ауған соғысы ардагерлері ұйымының «ҚАЗАҚСТАН АРДАГЕРЛЕРІ» қауымдастығының төрағасы, Ауған соғысының ардагері, қоғам қайраткері, ақын – Бақытбек Смағұлов, театрымыздың көркемдік жетекшісі- Ерлан Әбділдаұлы Біләловты  халық батыры Бауыржан Момышұлы атындағы «Намыс» орденімен марапаттады. Театр жанрында талмай еңбек етіп келе жатқан Ерлан Әбділдаұлы, бұған дейін М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық театры сахнасында талай образдарды сомдаған. Атап айтсақ, М.Әуезовтың «Қилы заман» драмасында Ұзақ батыр, И.Сапарбаевтың «Сыған серенадасында» Шәмші, Д.Исабековтың «Жаужүрек» драмасында Балуан Шолақ, Ә.Тарази «Ақын. Періште. Махаббат.» Мұқағали т.б.  Ал, дәл осы даңқты қолбасшы атындағы  мәртебелі орденді Ш.Айтматов пен Қ.Мұхаметжановтың «Көктөбедегі кездесу» туындысындағы Мәмбет рөлі үшін берілгенін атап өткеніміз жөн болар.

 Тұңғыш Президент күнімен тұспа-тұс келген мерейлі сәтте өз  тарапымыздан тілеріміз – еңбекте толағай табыстарға, мақсатта биік шыңдарға жете беріңіз, абырой-беделіңіз арта берсін, жүзіңіз жарқын, мерейіңіз үстем болсын дегіміз келеді!

                

Қатысты Мақалалар