Еліміз қымбатшылыққа дайын емес...

/uploads/thumbnail/20170708160358714_small.jpg

Егер бензиннің бағасы Қарабалин мырза айтқандай болса, яғни 300 теңгеден асса, алдағы жылдан бастап әлеуметтік күйзелістер өрши түседі, бензиннің қазіргі 128 теңге бағасы онсыз да есімізді шығарып жатыр. Соның салдарынан халық тұтынатын қарапайым азық-түлік, көгөніс, жеміс-жидек қысты айтпай-ақ қояйық, жаздың өзінде шарықтап тұрды. Қазір әрбіріміз жалғанып өмір сүріп жатырмыз. Айлықтан айлыққа емес, қарыздан қарызға. Жұрттың бәрі бизнесмен емес, не тендердің құлағында отырған шенеулік емес. Хотя бизнесменнің көргені де шықпа жыным шықпа боп жүр. Оның да басына ертең Жаңа жылдан кейін қолы қышып отырған тексерулер ұмтылады. Өйткені тексеретіндердің де қалтасын бензиннің қымбатшылығы, үйіндегі жағдайы қажытуда. Қайсысы мәз боп жүр дейсің?! Әрқайсысының өз проблемалары жеткілікті. Еуропада полицияның өзі шерулерге шығуда. Заңдылық та, расында алдағы жылы қатты экономикалық дағдарыстың шеті көрінуде. Жолдаудың өзі ерте болғаны бекер емес. Күтілетін жағдайды алдын алу, бензин бағасын көтеру арқылы мұнайға тәуелді боп отырған елдің қазынасының шайқалмауын күйттеу, себебі бізде айфон, планшет, ноутбук, трактор, телевизор, камера, джинси, мықты туризм саласы сияқты әлемдік брендтердің өнімі мен қызметі тұтанбай жатып өшкен...?! Сондықтан, бензиннің бағасын көтеру керек деп жатыр, бірақ таяқтың бір ұшы бар - халық деген. Соның өшігуі артып, қарызы көбейіп, тек қана за "выжевание" үшін күресі артады. Осы ретте, көп ойлану керек, балама жеңілдіктер, әлеуметтік мүмкіндіктерді көбейтіп, ретсіз тойлауды тоқтату керек. Отпен ойнайтын заманнан сақтасын, бола қалса, халыққа тек қана сабырлық бере гөр деймін!!!

(Мақсат Жақаудың фейсбуктегі парақшасынан)

Қатысты Мақалалар