Қазақстан алдағы уақытта ел территориясында алғашқы атомдық электростанциясын салуды жоспарлап отыр.
Бұл туралы Ресейдегі Қазақстан Елшілігінің кеңесші-елшісі Марат Сыздықов хабарлады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Sputnik Казахстан-ға сілтеме жасап.
«Қазақстан атомдық энергетика саласын дамытудан бас тартқан жоқ. Қазақстанды дамытудың орта мерзімдік және ұзақ мерзімдік жоспарларында атомдық электростанциясын салу бар», – деді Сыздықов МИА "Россия сегодня" баспасөз-конференциясында.
Еске салсақ, ҚР Энергетика вице-министрі Бақытжан Жақсалиев Қазақстанда АЭС-тің салынатыны туралы жоспардың барын айтқан, алайда жобаны іске асыру уақыты нақтыланған жоқ.
Пікір қалдыру