«АҚШ-тың басшылығымен америкалық Ат-Танф базасында дайындық жасайтын содырлар «Ислам мемлекеттері» террористік тобына делдал арқылы қару-жарақ сатады», – деп мәлімдеді сириялық сектордың қауіпсіздік қызметінің бұрынғы басшысы Мұхаммед Ассалам. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі Риа новости сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
«ИМ террористік тобына қару-жарақ астыртын сатылған. Бұл ақпаратты білгеннен соң бірден америкалықтарға хабар бердік. Алайда олар өздері сайлаған командирлерін одан сайын қолдай түсті («Магавир Эс-Саура» тобының қолбасшысы Муганнат Атталя). Олар америкалық қару-жарақтарды сатты, оның ішінде әскери көліктер, М-16 винтовкалары болды. Америкалықтардың соңғы ревизиясынан кейін 4,7 мың винтовкалар жетіспейтіндігі белгілі болды», – дейді Ассалам.
Агенттік делдалының айтуынша, Ат-Танф тобының құрамында ИМ террористерімен соғысқа шығуға дайын тұрған сириялық азаматтар бар. Алайда Муганнат Атталя секілді Сирия әскеріне қарсы күш жұмылдырып отырғандар да жетерлік.
«Америкалық әскерилер өздерінің күштерін ИМ тобына қарсы жұмылдырылғандығын айтып, сириялықтарды САР армиясына қарсы күреске шақырған болатын. Сол себепті де, Дейр-эз-Зор тобынан шыққандардың көбісін Шаддади базасына ИМ террористік тобына қарсы соғысқа жіберген», – деп қоса айтып өтті Ассалам.
Пікір қалдыру