Баланың анасы кім? Бұл сұраққа адамдардың 70%-ы қате жауап береді

/uploads/thumbnail/20170831172831450_small.jpg

Әр адам ішкі түйсігі арқылы өз мәселесін шеше алады және ішкі түйсік арқылы адамның мінез ерекшелігін де байқауға болады екен. Осыған байланысты біз өз оқырмандарымызға ерекше тестті ұсынуды жөн көрдік.

Сіз төмендегі суретке жақсылап қараңыз. Осы суреттегі жерде ойнап отырған баланың анасы қай әйел екенін табыңыз.

Сіз аталған сұраққа ішкі түйсігіңізге сеніп те, логикаңызға сүйеніп те жауап бере аласыз. Ішкі түйсікке сенбесеңіз, суреттегі 2 әйелдің киіміне, баланың отырысына мән беріп те жауабын біле аласыз.

Сіз оң жақта отырған әйелді таңдадыңыз ба?

Өкінішке қарай, сіздің жауабыңыз дұрыс емес. Бірақ көңіліңізге алмаңыз, сіз осы сұраққа қате жауап беретін 70% адамның қатарындасыз. Сіз осы таңдауыңыз арқылы өзіңіздің шығармашылққа бейім, көпшілікке ұқсай бермейтін ерекше қасиетке ие екендігіңізді білдіріп тұрсыз. Сіздің идеяңыз үнемі ерекше, мінсіз болып келеді. Сонымен бірге сіз өзгелерді тыңдап барып, кеңес бере аласыз. Сондықтан да айналаңыздағы достарыңыз сізден жиі кеңес сұрап тұрады. Сонымен қатар сіз сезімтал, алдыңызға  мақсат қоя білетін жансыз. Сіз шынымен де жеке тұлғасыз!

Сіз сол жақтағы әйелді таңдадыңыз ба?

Біздің құттықтауымызды қабыл алыңыз! Сіздің ішкі түйсігіңіз өте жақсы немесе сіз суретті жақсы сараптай алдыңыз. Бұл жауапты адамдардың 30% ғана таңдайды. Сіз бұл таңдауыңыз арқылы өзіңіздің қайтпас қайсар мінезіңіз бар екенін білдірдіңіз. Егер осы бетіңізден таңбасаңыз, сіз үлкен жетістікке жете аласыз. Сіз өте көңілді, ақкөңіл жансыз. Сонымен бірге сіз керемет сарапшысыз, тіпті белгілі бір шешім қабылдар кезде кішкентай нәрсеге де мән бересіз. Жеті рет өлшеп, бір рет кес деген сөз тікелей сізге қатысты. Өзгелерге талап қоя да аласыз және де кез келген жұмысты бар ынта жігеріңізді салып атқарасыз. Өзгелермен қарым-қатынас кезінде сараң емессіз, осы қасиетіңіз үшін сізді көбісі жақсы көреді.

Сұрақтың жауабы:

Оң жақта отырған әйел аяғын алға қарай созып қойып отыр. Психологиялық тұрғыдан ол ойнап отырған баладан қорғанып отырғанын білдіреді. Сонымен бірге ол сол жақта отырған әйелге қарағанда бірдеңеге абыржып отырғаны байқалады. Бірақ суреттегі ең басты назар аударатын дүние ол жерде ойнап отырған баланың қалай отырғандығы болып есептеледі. Ойнап отырған бала өзі танымайтын адамға артымен отырса, анасына қарама-қарсы отыр. Кішкентай балалар, көбінесе, анасынан көз жазып қалмас үшін, оған қарама-қарсы отырғанды жақсы көреді.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар