Израиль мен Палестина қақтығысы: Қазақстандықтарға құлаққағыс

/uploads/thumbnail/0_small.jpg
2012 жылғы 16 қарашада Израиль мемлекеті мен Палестина арасындағы қақтығыстың күшейгеніне байланысты, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі, ұрыс салдарынан Қазақстан азаматтарының арасында қайтыс болған немесе зардап шеккендер жоқ екендігін, сонымен қатар қақтығыс болып жатқан аймақта еліміздің азаматтары тұрып жатпағандығын хабарлайды. Қазақстан Республикасының Израиль мемлекетіндегі Елшілігінің консулдық есебінде Израильде тұратын 30 азаматымыз тіркелген, ал Сектор Газада тұратын 17 азамат Қазақстан Республикасының Иордания Хашимит Корольдігіндегі Елшілігінің консулдық бөлімінде есепке алынған. Бүгінгі таңда Израиль мемлекеті мен Палестинада тұрып жатқан отандастарымыз Қазақстан Республикасына қайта оралу туралы  өтініш жасамағанын хабарлаймыз. Қақтығыс шиленіскен жағдайда Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі тарапынан азаматтарымызды жедел елге эвакуациялау жоспары әзірленуде. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі аталмыш жағдай бойынша қажет болған жағдайда хабарласу мақсатында тәулік бойы жұмыс істейтін келесі байланыс телефондары хабарлайды: Израиль мемлекетіндегі Қазақстанның консулы Мұстафин Еркен Қуандықұлы, жұмыс нөмірі 8-10-97-203 516-34-11, 516-34-64, ұялы нөмірі +972-546-071-528, электрондық мекенжайы -  e.mustafin@mfa.kz, Иордания Хашимит Корольдігіндегі Қазақстанның консулы Қойшыбаев Бақытжан Серікұлы, жұмыс нөмірі 8-10-962- 6 - 592-79-53/54, ұялы нөмірі +962-798-806-729, электрондық мекенжайы - kazcon@orange.je  ҚР СІМ Консулдық қызмет Департаментінде аталған аймақтарда тұрып жатқан біздің азаматтардың мәселелеріне қатысты төмендегі қызметкерлер айналысатын болады: Израиль бойынша - Рамиля Тортаева, жұмыс телефоны +7(7172) 72-04-86 Палестина бойынша - Анар Князбаева, жұмыс телефоны +7(7172) 72-03-07. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі бойынша кезекші дипломаттың телефоны -  (7172) 72-01-11(18.00-ден кейін). Өз кезегінде, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі аталмыш аймақтарда тұрақтылық орнағанша еліміздің азаматтарына бұл елдерге іс-сапарлардан бас тартуды ұсынады.

             

           ҚР СІМ Баспасөз қызметі

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар