Астанада «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жобалық кеңсесі жұмыс істеуде

/uploads/thumbnail/20170817170546724_small.jpg
Астанада "Рухани жаңғыру" бағдарламасының жобалық кеңсесі жұмыс істей бастады. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Елордалық әкімдікте Астана қаласының "Рухани жаңғыру" бағдарламасының жобалық кеңсесі жұмыс істей бастады. Жобалық кеңсе ұсыныстар мен ескетпелерді қабылдайды, сондай-ақ жоғарыда көрсетілген Елбасының бағдарламасын іске асыру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Елорда тұрғындары мен қонақтары кез келген сұрақ бойынша Астана қ. жобалық кеңсесінің сенім телефондарына хабарласа алады: 55-67-92, 55-67-93, немесе Astana.rzh1@gmail.com электронды мекен-жайға хат жолдай алады.

Онымен бірге тұрғындар өздерінің ұсыныстары мен тілектерін Астана қ. әкімдігінің ресми сайтына http://astana.gov.kz жібере алады («Белсенді азамат»  айдары, (Сіздің бастамаңыз).

Кеңсе Бейбітшілік көшесі 11, №409 бөлмеде орналасқан.

Қатысты Мақалалар