Астанада ашық жаттығу өткізген қазақстандық боксшы Қанат Ислам жанкүйерлерінің алдында намысын қолдан бермейтініне сенімді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
«Біздің жаттығу лагеріміз керемет болды. Өз-өзіме сенімдімін және жеңіске жетуге дайынмын. Алда болатын жекпе-жекті тағатсыздана күтіп жүрмін. Бұл – менің үйім және мен жеңемін», – деп келтірді спортшының сөзін WBN.
«Қанат жақсы жұмыс жасады. Оның жанкүйерлері де керемет, сол себепті Қанат жанкүерлері үшін жаттығып, солар үшін жеңіске жетуге тырысады. Өз халқына деген махаббаты оны жеңіске жетелейді. Жеңісті қолдан бермеуге тырысып бағамыз», – деді Нельсон Лопес.
Айта кетейік, 9 қыркүйекте Астанада Қанат Ислам мен Брэндон Куктың жекпе-жегі өтеді. Билет құны 2000-нан 10 000 теңгеге дейін сатылымда. Сонымен қоса, Жанқош Тұраров, Руслан Мырсатаев, Жәнібек Әлімханұлы, Әли Ахмедов сынды боксышлар шаршы алаңда өз бақтарын сынайды.
Пікір қалдыру