Астана ЭКСПО-2017 көрмесінің аумағында орнатылған жаңа әлемдік рекорд

/uploads/thumbnail/20170902092113937_small.jpg

Кеше кешкісін Астана EXPO-2017 көрмесінің аумағында кеудені жерден көтеруден КИнЭС Қазақстан рекордтар кітабының бес дүркін рекордсмені және "планка" ұстаудан әлем рекордсмені атағының иегері Амир Маxмет шыны бөтелкелерде кеудесін жерден 53 мәрте көтеріп, жаңа әлемдік рекорд орнатты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ЭКСПО-2017 көрмесінің медиа-орталығына сілтеме жасап.

Бір атап өтерлігі, бұл жаттығу орындалу жағынан аса күрделі болып табылады. Себебі спортшы кеудені жерден көтеру барысында өз денесі мен шыны бөтелкелердің арасындағы тепе-теңдікті мүлтіксіз ұстап тұруы қажет.

Аталған рекорд Қазақстан рекордтар кітабының өкілі Шыңғыс Қуандықұлы Құдайбергеновтың тарапынан ресми түрде тіркелді.

Өз рекордын Амир 1-қыркүйек – Білім күніне арнай отырып, қазақстандық барлық оқушыларға сабақтарын тек үздік оқып, салауатты өмір салтын ұстануға шақырады.

P.S.: Амир танымал балуан Қажымұқан Мұңайтпасұлының туған жері Ақмола облысы, Целиноград ауданына қарасты Қажымұқан ауылында тұрады және жергілікті мектепте білім алуда.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар