Ердоған Мьянма билігіне көмек көрсетуге дайын екенін айтты

/uploads/thumbnail/20170902094828067_small.jpg

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған БҰҰ бас хатшысы Антонио Гутерришпен Мьянмадағы гуманитарлық дағдарыс мәселесін талқылады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі kazislam.kz-ке сілтеме жасай отырып.

Телефон арқылы тілдесу кезінде Түркия президенті Мьянманың Аракан штатында қалыптасқан жағдайға БҰҰ мен халықаралық қауымдастықтардың уақтылы ықпал етіп, араласуы аталған аймақтағы ахуалдың реттелуі үшін аса маңызды екенін атап өтті.

Ердоған Аракан штатындағы азшылық қауымды құрайтын рохиньялық мұсылмандарға қарсы жасалып отырған зорлық-зомбылықтарды тоқтату үшін Мьянма билігіне ықпал етудің барлық механизмдерін қолдануға шақырды. Ол өз сөзінде Аракан аймағындағы ахуалды реттеу үшін Түркия тарапы қажетті барлық гуманитарлық көмекті көрсетуге, азық-түлікпен қамтамасыз етуге дайын екенін жеткізді.

Еске сала кетсек, бұған дейін Мұсылман-рохиньялықтардың Еуропалық кеңесінің (ERC) баспасөз хатшысы Анита Шуг Мьянмада соңғы үш тәулік ішінде әскерилердің шабуылы салдарынан 2-3 мыңға жуық мұсылман көз жұмғанын мәлімдеді.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар