Дәрігерлер 7-жастағы баланы құтқара алмады

/uploads/thumbnail/20170708160407217_small.jpg

Атырау облысында дәрігердің науқасқа немқұрайлы қарғаны себепті 7-жасар бала көз жұмды деп хабарлайды 24kz телеарнасы.

Оқиға 2-желтоқсан күні Құрманғазы ауданына қарасты Ақкөл ауылында орын алған. Ойын баласы қайнап тұрған суды үстіне төгіп алып, нәтижесінде үстінің біраз бөлігін күйік шалған. Жергілікті  емханаға барған анасына  дәрігері баланың күйген жеріне май жағып, үйіне қайта беруін сұраған. Таңертең науқасты тексеруге барған дәрігер баланың ауыр хәліне көз жеткізіп, тез арада « жедел жәрдем » көлігін шақырған. Ауадан орталығындағы ауруханаға апарған кейін бала 20 минуттан соң көз жұмады.

Естеріңізде болса, қыркүйек айында ОҚО-да дәрігерлердің немқұрайлылығынан жөл көлік апатына түскен әйел қайтыс болған болатын. Дәрігерлер оны ауруханаға жатқызбай қойыпты. Нәтижесінде сүйегі 8 жерден сынған 51 жастағы  әйел 2 аптадан соң көз жұмады.

Қатысты Мақалалар