Жас жеткіншек бір күнде бүкіл әлем бойынша суицид ұйымдастырмақ болған

/uploads/thumbnail/20170902110730026_small.jpg

17 жастағы жас жеткіншек бүкіл әлем бойынша адамдардың өз-өзіне қол жұмсау процесін ұйымдастырмақ болған. Ол құрған халықаралық ұйым мүшелері барлығы бір күнде өздеріне қол жұмсауға міндетті болды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Life.ru сайтына сілтеме жасап.

Баскония полициясы 17 жастағы баланың ұйымдастырған адам шошырлық әрекетінің алдын алды. Ол әлеуметтік желі арқылы топ ашып, онда тіркелген адамдарды бір күнде өздеріне қол жұмсауға міндеттеген. Аргентиналық жас жеткіншектің ойынша, бұл оқиға 17 тамыз күні орын алуы тиіс екен.

Тергеу жұмыстары әлі күнге дейін жалғасып жатқандықтан жас жеткіншектің құрығына іліккендердің саны мен олардың ұлты әзірге құпия түрде сақталады. Аталмыш топ әлемде кеңінен таралған «Көк кит» ойынына өте ұқсас.

Тек бір ғана айырмашылығы – жаппай өз-өзіне қол жұмсауды ұйымдастырған жеткіншек өзінің соңынан ілескендерге күн сайын бір тапсырма беріп отырып, өлімге ақырындап алып келмеген. 17 жастағы жасөспірім бір күнде барлығы бірге өздерін өлтіруіне міндеттеген.

Аргентина Федералды полиция қызметкерлері баланың Сан-Хоста орналасқан үйінен өткір пышақ пен қан сіңіп қалған мата тапқан. Сонымен қатар ол баланың психикалық ауытқушылығы бар екендігі белгілі болды.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар