Дүниедегі ең қасиетті әрі абыройлы күрес - Ұлт Азаттығы үшін күрес. Ең қадірлі де қасиетті осы Ұлт Азаттығы үшін күресте көзсіз ерлікке барған немесе осы жолда қасық қанын қиған адам - дүниедегі теңдесі жоқ ұлы тұлға. Бірақ, мұндай абыройлы міндет - кез келген пенденің пешенесіне жазыла бермеген.
Ал, осындай Ұлт Азаттығы үшін күрес - Қазақта, Қазақ Елі тарихында болып па еді? Және де осы Ұлт Азаттығы жолындағы Ұлы күресте - теңдесі жоқ ерлікке барған немесе осы жолда құрбан болған ұлы тұлғалар туралы не айтуға болады?
Қазақ тарихындағы Ұлт Азаттығы үшін қашан, қандай күрестер болды?
Ұлт Азаттығы жолындағы күресте - Қазақтан қандай Ұлт Қахармандары шықты?
Сонау 1991 жылы 16-желтоқсанда жарияланған Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі - шын мәніндегі Ұлт Азаттығы үлшін болған күрестің нәтижесі деп айта аламыз ба?
1986 жылы Алматыда бастау алған ЖЕЛТОҚСАН көтерілісін - Ұлт Азаттығы үшін болған күрес деп айта аламыз ба?..
Қазақ Елі Тәуелсіздігін жариялағалы бері арада ширек ғасырға жуық уақыт болыпты.
Осы тәуелсіздік жылдары ішінде Қазақ Ұлтын аңсаған арманына жеткен Ұлт деп айта аламыз ба?
Кешегі қызыл коммунистер бүгін Қазақ Ұлты үшін не істеді? Қазақ Ұлтын шын мәніндегі ұшпаққа жеткізе алды ма?
Қазақ Елінің осы тәуелсіздігі - Қазаққа қандай жолмен бұйырды?
Ұлт Азаттығы үшін күрес болмаған елде - шын мәніндегі тәуелсіз мемлекет өмірге келе ме?
Қазақ ұлтының 250 жыл орыс патшалығына бодан болуы, 70 жылдан астам аты - «кеңестік», заты - орыстық отаршылдық бодандық қамытын киюі - ұлтымызды қандай құндылықтардан айырды?
Қазақты қайтадан орысқа мәңгілікке бодандыққа беру үшін Ресей, Беларусь, Қазақстан басшылары әдейі қолдан жасаған «Еуразиялық экономикалық одақ» деген қораға кіргізіп жіберуін - қалай түсінесіз?
Тоқ етерін айтқанда, Қазақ қайтадан орысқа құл болып кете бермек пе?
Міне, осындай тығырыққа тірелген Ұлтта - Ұлт Азаттығы үшін күрес болуы мүмкін бе?
Ұлт Азаттығы үшін күрес бола қалған жағдайда, қазақтан Ұлт Қахармандары шығатынына өз басыңыз сенесіз бе?..
Міне, осы және т.б. сұрақтарды оқырмандарыма қоя отырып, азаматтармен пікір алмасқым келеді.
Және бұл пікір алмасу - құдай қолдаса, таяу арада үзілістен кейін өз жұмысын қайта бастайтын, өзім жетекшісі болып табылатын «ТАНЫМ» пікірсайыс клубында көтерілетін болады
«ТАНЫМ» пікірсайыс клубының қандай тақырыппен, қай кезде және қай арада болатынын күні бұрын хабарлайтын боламыз.
Жұмаш КЕНЕБАЙ (КӨКБӨРІ)