Солтүстік Кореяда тіркелген 6.3 балдық жер сілкінісінің сутегі бомбасы сынағының әсерінен пайда болғаны анықталды деп жазады Qamshy.kz. Осыған байланысты жапон соғыс ұшақтары әуеге көтерілген.
Солтүстік Кореяның ядролық ракета сынағын жасаған аумағында 10 km тереңдікте тіркелген жер сілкінісінің табиғи апат емес, адам әсерінің факторы екені анықталып отыр.
Солтүстік Кореяның 2017 жылы жасаған 6-ыншы ядролық сынағы басқа сынақтардан 10 есе қуатты болған. Пхеньян билігі жоғары деңгейлі сутегі бомбасын жасағанын хабарлап, жақын уақытта маңызды «мәлімдеме» жасауы мүмкін.
Жерсілкінісі Солтүстік Кореяның солтүстігіндегі Қытайдан, Оңтүстік Кореяның астанасы Сеулге дейінгі аралықты 5-10 секунд арасындағы сілкініс ретінде сезілді. Жерсілкінісінен 8 минут өткен соң 4.6 балдық серпінді сілкініс тағы тіркелген.
Жерсілкінісінен бірнеше сағат бұрын Солтүстік Корея Ким Чен Ын жаңа бір сутегі бомбасымен көрінген. Дәл осы сағаттарда Солтүстік Кореяның кең диапозондық ракета сынағы күтілген.
Түріктің Анадолы агенттігің жазуынша, АҚШ президенті Трамп жапон Премьері Синдзо Абэмен телефон арқылы сөйлесіп, «ұлғайып келе жатқан Солтүстік Корея қаупін қолға алып жатқанын» айтқан. Аталған мәліметті Ақ үйдің баспасөздің қызметі де жазбаша мәлімдемен растаған. Мәлімдемеде АҚШ пен Жапония лидерлерінің Солтүстік Кореяға қысымды ең жоғары деңгейге көтеру туралы ортақ пікірге тоқайласқан.
Солтүстік Кореяның АҚШ, Жапония және Оңтүстік Кореяға бағытталған қаупі туралы айтқан Трамп БҰҰ шарттары аясында үш елдің жақын байланысы маңызды екенін тілге тиек еткен.
Пікір қалдыру