Тамыздың 28-і Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин ҚР Парламенті Палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойған болатын. Отырыс қыркүйектің 4-і сағат 11-де басталды. Сонымен қазір Қазақстанның Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтіп жатыр.
Отырыста Сенат спикерін сайлау немесе бұрынғы спикерді қайта сайлау мәселесі қаралады деп күтілуде. Қасым-Жомарт Тоқаевтың депутаттық өкілеттілік мерзімі қараша айында аяқталатыны белгілі. Маусымның 28-і күні өткен Сенат депутаттары сайлауында сайланған Жоғарғы Палатаның жаңа мүшелері де жұмыстарына бүгіннен бастап кірісетіні тағы бар. Осыған байланысты «Тоқаев қызметін сақтап қала ма?» деген сауал туындайды. Сонымен қатар, Елбасы Жоғарғы Палатаның жаңа 7 депутатын тағайындауы мүмкін. Екі ай бұрын саяси салмағы ауыр тұлғалардың бірі – Нұртай Әбіқаевтың депутаттық өкілеттілігі тоқтатылғаны белгілі.
Сенаттың спикері болып «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының басшысы Ахметжан Есімов тағайындалуы мүмкін деген әңгімелер де Сол жағалауды кезіп жүргені аян. "Қасым–Жомарт Тоқаев өз қызметін жақсы атқарып жүр, әрі, Қазақстанның ішкі-сыртқы саясатын терең білетін, Елбасының сенімді де адал нөкерлерінің бірі болып табылады, сондықтан да ол өз қызметін сақтап қалады. Бұған сарапшылардын күмәні жоқ. Тоқаев мемлекеттік саяси билікте "екінші адам" болып қала бермек."
Нұрғали Нұртай
Пікір қалдыру