Лос-Анджелес қаласының маңайында өрт өршіп тұр. Жалын қазірдің өзінде үш жарым мың гектар аумақты күлге айналдырды. Шаһар мэрінің айтуынша, бұл Лос-Анджелес тарихындағы ең алапат от. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі korrespondent.net мәліметіне сүйеніп хабарлайды.
500 маман және бірнеше тікұшақ жалынды өшіруге тырысқанымен, өрттің 10 пайызы ғана сөнді. Сол аумақта 700-ден астам құрылыс нысаны бар. Маңайдағы елді мекенге де қауіп төнгендіктен жүздеген адам басқа жерге көшірілді. Тағы бірнеше жол жабылған.
Мамандардың айтуынша, тілсіз жауды өшіруге ауа райының қолайсыздығы да кері әсер етіп тұр. Осы күндері аймақта ауа температурасы 38 Цельсий градусқа дейін жоғарылап, жел тұрған. Әзірге табиғи апаттан қаза тапқандар мен жараланғандар туралы мәлімет жоқ.
Пікір қалдыру