Ресейде көлік арзандады

/uploads/thumbnail/20170708160416636_small.jpg

Былтыр Ұлттық валютамыз теңгенің долларға шаққандағы құнының құлдырауы биыл Ресейлік рубльдің де басын келді. 1 доллар 53.44 рубльге тұрақтаған. Бұл біздің біздің валютамен 181.83 теңгені құрайды. Ресейдегі доллардың бұлай шарықтауы Қазақстандық көлік сатып алушылардың айын оңынан туғызды. Ресейдің отандық автокөліктерімен қоса, сол елдегі шет елдік автокөліктерді оңтайлы бағада сатып алуға мүмкіндік ашылып отыр деп хабарлайды Kolesa.kz сайты. Біздегі бағамен ол жақтағы қымбат көліктердің құнын салыстырған сарапшылар шынында біршама айырмашылқтардың барын байқаған. Олардың отандық өнімдерінен Renault Duster, Lada Priora, Hyundai Accent ( Ресейде Solaris) және Toyota Land Cruiser Prado автокөліктерін таңдап алып, бағасын салыстырған.

1136178

Lada Priora Ресейде төменгі жағдайда жабдықталған нұсқасы 6 913 доллардан, ал люкс дәрежесіндегілер 8 465 долларды құрайды. Ал бұл көліктің біздегі құны 9 143 пен 11 630 доллардың арасында.

foto_001

Екінші біздегі « сәнді» автокөліктердің бірегейі Hyundai Accent бағасы минималды жағдайда жабдықталған нұсқасы 8 837 доллардан басталып, жоғары деңгейдегісі 11 895 долларды құраған. Қазақстандағы сатылым бағасы 14 -20 000 доллар аралығында.

renault-duster-8437

Renault Duster Ресейде қарапайым жабдықталған үлгісі 9 140 доллар болса, люкс жабдықтағысы 15 175 долларды құрайды. Ал, Қазақстан нарығындағы бағасы 14,500 бен 23,700 доллар аралығында.

2014_toyota_land_cruiser_angularfront

Toyota Land Cruiser Prado 2,7-литрлі қозғалтқышты көлігі қарапайым жабдықта - 33 000 долларов болса люкс жабдықтағылары 55 414 долларды құрайды. Қазақстан нарығындағы көрсеткіші 52 900 мен 86 100 доллар айналасында. Қымбат көлік қол жетімді нәрсеге айналды. Ақшаң болса қалтаңда, Ресейге қарай талтаңда.

Қатысты Мақалалар