Жеті томдық "Айтыс" кітабы жарық көрді

/uploads/thumbnail/20170708160415207_small.jpg

Еліміздегі жетекші партияның қолдауымен «Қазақ өнерінің антологиясы» жобасы аясында 7 томдық қазақ айтысы кітабының тұсауы кесілді.

Қазақ ұлттық өнер университетінің Қорқыт атындағы ғылыми-зерттеу институты жарыққа шығарған кітап «Күлтегін» баспасында басылған. Оны М.Жолдасбеков, С. Негимов, Р.Әлмұқанова сынды профессорлармен бірге Ш. Қойлыбаев және А.Мәулет есімді жас ғалымдар дайындаған.

e6608f25847e6cab163f066ff2b3f2d8

«Жеті томдық жинақтың ең бас­ты ерекшелігі – қазақтың көне айтыстары мен бүгінгі айтыстарын біріктіріп беруі болып отыр. Кі­тапқа ақындар туралы мәліметтер, түсіндірме сөздіктер және тұңғыш рет шетелдегі қандастарымыздың айтыстары басылды. Оның ішінде «Қытайдағы қазақ ақындары» де­ген үлкен бөлім бар. Қазіргі кезде қытайдағы қазақ ақындарының ерекшеліктері өте көп. Өйткені олар әуелгі қалпын сақтап, сөзді қуалап, уәжбен айтысады. Сая­сат­тан тысқары жекпе-жектер өткі­зеді. Сондықтан кітапқа олардың «Айтыс – сөз барымтасы» деген анық­тамаға жауап беретін үлгілерін енгіздік. Қазір қазақ айтысының кемеліне келген кезі. Айтыскер­лер­дің жаңа толқыны, жаңа легі соңғы 15-20 жылдың көлемінде көркем, әдемі айтыстар жасаса, соның бәрі­нің мәтінін қағазға түсіріп, жинақ­қа енгіздік. Бұл – «Бабалар сөзінен» кейінгі халыққа үлкен серпіліс беретін, ләззат тапқызатын өте құн­ды кітап» деді жиында ақын Жүрсін Ерман. Ал жоба авторы, мемлекет және қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбеков айтыс мә­тіндері 1965-1966 жылдары акаде­мик, жазушы Мұхтар Әуезовтiң алғысөзімен 3 том, 1988 жылы жа­зу­шы Сәбит Мұқановтың алғы­сөзі­мен 2 том болып шыққанын, кейін іс жалғасын таппай қалғанын тілге тиек етті. Сөз арасында ол «Қазақ өнерінің антологиясы» жобасы 25 том еңбекті құрайтынын, қалған көптомдықтар алдағы уақытта жарық көретінін айтты.

7 томдықтың I-II томдарына Қабан жырау мен Жанақ, Түбек, Сүйінбай, Абыл ақындардан бастап Кеңестік кезеңге дейінгі таңдаулы 94 айтыс енген. III-IV томдарда 1919-1991 жылдар аралығында бол­ған айтыстар қамтылған. V-VI том­дарда 1991-2014 жылдар аралығын­дағы 66 айтыс жарық көрген. VI том­ға 2001-2014 жылдардағы ең үздік 26 айтыс, ал VII томға Қытай, Моңғолия, Өзбекстан мемлекет­терін­де тұратын қазақ ақындары­ның сөз барымтасы берілген.

"Айқын"

Қатысты Мақалалар