Қарағанда облысы Қарқаралы қаласының әкімі Нұрлан Батырбеков өз еркімен қызметінен кетті. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды. Өз еркімен лауаызымынан бас тартқан әкім, бұл шешімін отбасылық жағдайға байланысты деп қысқа қайырған. Естеріңізде болса Қарқаралы қаласынының әкімі Нұрлан Батырбековтің 23 жасар студент ұлы өзінің 33 жастағы серігімен университет қабырғасындағы танысын өлімші халінде соққыға жыққан. Соққы жеген жігіт есінен танғанда, оны өлдіге санап қала сыртындағы тоғайға апарып « ВАЗ» маркалы көліктің артқы жүк салғышына салып, көлікті өртеп жіберіп, оқиға орнынан ізін жасырған. Абырой болғанда соққы жеп, денесін күйік шалған жәбірленуші жігіт амалын тауып, сытылып шығып жол жиегіндегі көліктерді тоқтатқан. Жәбірленушіні қалалық ауруханаға сүйектері бірнеше жерден сынған, жарақатты жағдайда жеткізген. Қарқаралы қалалық қылмыстық істер полициясы әкімнің ұлымен оның серігін ұстаған. Бұрынырақ Нұрлан Батырбековтің баласы суық қаруды сақтады деген күдікте жүрген болатын. Қос айыпталушы үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 24-96 бабы бойынша « Кісі өліміне қатысты» және 187 баб бойынша « бөтеннің мүлкін жойып жібергені» деген айыппен қылмыстық іс қозғалған болатын.