Латын қарпіне көшуді елордалық ардагерлер кеңесі қолдады

/uploads/thumbnail/20170913160600429_small.jpg

Астана қаласы ардагерлер кеңесінің төрағасы Сансызбай Есілов те қазақ əліпбиінің латын графикасына көшуін қолдады. Ардагерлер сөзінше, маңызды оқиға Қазақстанның алға қадам басуына, Еуропаға жəне ғаламтордың дүниежүзілік желісіне жол ашады. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мәліметіне сүйеніп хабарлайды.

- Мен бұл ел тарихы үшін маңызды оқиға деп санаймын. Латын əліпбиіне көшу ел азаматтарына бір қадам алға басуына мүмкіндік береді. Адамдар шетелде жүріп еркін бағыт-бағдар таба алады. Мұны біз ертерек, жүзеге асырсақ, соғұрлым ол біз үшін жақсы болады, - деп ардагер өз пікірін білдірді.

Сансызбай Есілов Президенттің бұл бастамасын толығымен қолдайды. 
- Сөзсіз, мен Елбасыны қолдаймын  Біздерге, ардагерлерге жаңа əліпбиді үйрену қиын болады. Бірақ біз меңгеруге тырысамыз. Өйткені бұл мемлекет игілігі үшін аса қажет, - дейді ол. 

Естеріңізге саламыз, ағымдағы жылдың сәуір айында мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2017 жылдың соңына дейін Қазақстанда қазақ əліпбиінің латынға көшуі бойынша жобасын құруды тапсырды. Орыс тілінде шығатын басылымдар кириллицада жарыққа шыға береді. 

Қатысты Мақалалар