«Тянь-шань» әуекомпаниясының Ми-2 тікұшағы апатты жағдайда қонуға мәжбүр болған. Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитетінің Фейсбук парақшасында хабарланды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Оқыс оқиға бүгін 22 қыркүйекте болған. Әуе көлігі апатында экипаждың барлық мүшелері аман қалған.
Айта кетерлігі, «Тянь-Шань» әуекомпаниясы Алматыға жақын маңдағы әуеайлақта әуе көлігімен ұшу және парашютпен секіру қызметтерін ұсынады.