Солтүстік Корея сыртқы істер министрі Ли Ен Хо АҚШ саясатына жауап ретінде жаңа сутегі бомбасының сыналатынын мәлімдеді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы КХДР СІМ басшысы журналистердің ел президенті Ким Чен Ынның «қатаң шаралары» жайында сұрағына жауап берді.
Бұдан бұрын Ким Чен Ын АҚШ президенті Дональд Трамптың КХДР-ды толығымен жойып жіберу туралы айтқан мәлімдемесін салыстырған.
Солтүстік Корея басшысы Трамптың сөздері үрей туғызбағанын, тек дұрыс шешім қабылдауға септігін тигізгенін айтты. Сондай-ақ Америка президентінің шабуылдарын жай қалдырмайтынын ескертті.
«Мен ол шалдың үнін отпен өшіремін», - деді Ким Чен Ын мәлімдемесінде.
Айта кетейік, АҚШ президенті Дональд Трамп КХДР-ға қарсы қаржылық шектеу шараларын күшейту туралы жарлыққа қол қойған. КХДР АҚШ-қа немесе АҚШ одақтастарына қандай да бір қауіп төндіретін жағдайда, мемлекетті түгел жойып жіберетінін ескертті. Сондай-ақ, Солтүстік Кореяға қарсы санкция енгізуде қолдау көрсеткен Ресей мен Қытайға алғыс білдірді.
Сутегі бомбасын сынау аймағында радиация деңгейінің жоғарылауы қытайлық мамандармен тіркелген. Бомба 3 қыркүйекте сыналды.
Пікір қалдыру