Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты 23 қыркүйек күні ел аумағының басым бөлігінде жауын-шашын жауып, найзағай ойнайды. Жауын-шашынсыз күн райы елдің тек оңтүстігі мен батысында күтіледі. Республиканың кей жерлерінде тұман болып, жел күшейеді, оңтүстікте жел шаңды дауылмен бірге соғады.
Бұл туралы “Қазгидромет” РМК-ға сілтеме жасап Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Павлодар облысында жел 15-20 м/с күшейіп, жекелеген аумақтарда тұман күтіледі. Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман болып, жел 15-20 м/с артады. Оңтүстік Қазақстан, Атырау, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қызылорда облыстарында, күндіз Жамбыл, Маңғыстау, Алматы облыстарында желдің екпіні 15-23 м/с күшейеді, Қызылорда облысында жел шаңды дауылмен бірге соғады.
Қостанай облысының кей жерлерін тұман басып, күндіз 18 м/с жылдамдықта жел тұрады. Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде түнде 1-6 градус аяз болуы мүмкін. Сондай-ақ Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл, Алматы облыстарында, Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қаупі сақталады.