Ыстанбұлда сириялық белсенді мен оның журналист қызы қастандықпен өлтірілді

/uploads/thumbnail/20170923102437140_small.jpg

Түркияда танымал Сирия оппозиция белсендісі және оның журналист қызы қаза тапты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпараттық агенттігі. 

60 жастағы Оруба Барак пен оның 22 жасар қызы Халланың денелері Ыстанбұлдағы Усукудар ауданындағы пәтерде достарының хабарлауы бойынша табылды.  

Орубаның әпкесі Шазаның айтуынша, олар қастандықпен өлтірілген. Бұл жөнінде Шаза өзінің Facebook парақшасында жазды, мәселен ол:

«Оруба үнемі маңызды тақырыптарды қозғап, басылымдардың алдыңғы беттерінен түспейтін еді, ол қылмыскерлерді әшкерелеп, әділет жолында күресті. Оның және қызы Халланың есімі қазірдің өзінде алдыңғы парақшаларда», - деді ол.

Түріктің БАҚ құралдары Орубаның Сирия президенті Башар Асад үкіметінің түрмелерде азаптау туралы әрекеттерін әшкерелемек болғандығын жариялады.

Екі әйелді де америкалық көмекші Каила Мюллермен достық қатынаста болған. Бұдан 4 жыл бұрын Сирияның исламистік топтары Каиланы ұрлап кеткен және ол екі жыл шамасында тұтқында өмірден озған.

Өткен жылы ABC News-ке берген сұхбатында олар Каиламен сириялық босқындарға, соның ішінде аналар мен балаларға көмек көрсету мақсатында бірге жұмыс атқарғанын айтты.

Халла оппозициялық «Orient News» сайтының редакторы болды. Мюллердің ата-анасы өлімнен хабардар болғаннан соң, ABC-ге берген мәлімдемесінде Каила үшін Оруба мен Халла туған-туысқаны сияқты болып кеткен еді деп еске алды.

АҚШ Мемлекеттік департаменті Оруба Барактың-тің «батыл» жұмысына құрметпен қарайтынын және қатты қайғырғанын айтты. Құрама Штаттар қылмысты қатаң тергеуге алатындығын мәлімдеді.

Сонымен қатар, бұл қайғылы жағдай әлеуметтік желі қолданушыларын да бей жай қалдырмады.

Қатысты Мақалалар