Жазатайым бала өлімі ата-ананың салғырттығынан

/uploads/thumbnail/20170924023818837_small.jpg

Еліміздегі денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасында медициналық-демографиялық ахуалға оқыс жағдайлардан, жарақаттар мен уланулардан және жол-көлік оқиғаларынан болатын өлім-жітім туралы мәселе көтерілген болатын. Осы орайда облыстық көпбейінді балалар ауруханасының дәрігер-травматологы Болат Әлібаевтың айтуынша, балалар арасында тұрмыстық жарақат – ең бірінші орында  екен.

-Содан кейін көшедегі, мектептегі, жол-көлік жарақаттары орын алады. Көбіне қараусыз қалған балалар тұрмыстық әр түрлі жарақатқа ұшырайды. Атап айтар болсақ, күйік, улану, биіктіктен құлау, әр түрлі сынықтармен балалар дәрігер көмегіне жүгінеді. Облыстық көпбейінді балалар ауруханасына бірнеше бала жарақат алып түседі. Соның ішінде ауруханада 700-800-дей бала әр түрлі жарақаттарына байланысты стационарлық ем қабылдайды.  Өкінішке орай, жыл сайын балалардың жарақат алу көрсеткіші өсіп келеді.  Салыстырмалы түрде қарағанда, бес жасқа дейінгі балалар балабақшада, лагерьде болғанда үйдегі балаға қарағанда аз жарақат алады. Өйткені олар тәрбиешілердің қатаң бақылауында. Содан соң химиялық күйіктермен де балалар ауруханаға түсіп жатады. Сәбилердің марганцовка, сірке суын ішіп қоюы, өкінішке орай, орын алып тұратын жағдайлар. Бұл да ата-ананың салғырттығы,- дейді Болат Әлібаев.

Ал денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сүйенсек, облыста соңғы жеті айда 3083 өлім-жітім тіркелсе, оның 202-сі жарақаттар мен уланулардан, 100-і өз-өзіне қол жұмсаудан, 32-сі жол-көлік оқиғаларынан, 31-і үсіктен, 16-сы газдан уланса, 27-сі суға батып кеткен. Сондай-ақ облыста жазатайым жағдайлар нәтижесінде жамбас және тізе буындарын эндопротездеу, артроскопиялық оталар және омыртқа жарақаты кезінде, тамыр хирургиясында реконструктивті секілді жылына 500-ден астам жоғарымамандандырылған оталар жасалынады.  

Гүлім АҚАП,

Батыс Қазақстан облысы

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар