Сирияның СІМ: Террористерді жеңетін уақыт жақындады...

/uploads/thumbnail/20170924121013886_small.jpg

Сирияның СІМ-нің басшысы Валид Муаллем жақында терроризмді жоятынын мәлімдеді,- деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

«Алеппо, Палмир қалаларын террористтерден босаттық,  Сирияның көп бөлігін террористтерден тазартып жатырмыз, террористерді жеңетін уақыт жақындады», - деп айтты Муаллем.

Сонымен бірге 10 мыңға жуық сириялық босқын өз елдеріне қайта орала алатынын да айтқан болатын. Муаллем Сирия билігінің террористердің жасаған сорақылығын жазасыз қалдырмайтынын да ескертті. 

Муаллем АҚШ-тың террористерге қарсы ауыз толтырып айтарлықтай ештеңе істемегенін, АҚШ террористерден гөрі жергілікті бекүнә халықты өлтіргенін де ашық айтты. Ол Түркияның сириялықтарға қарсы саясатын, Израильдің террористтерді қолдағанын айыптады.

Қатысты Мақалалар