Германия елінде Бундестаг сайлауы басталды

/uploads/thumbnail/20170924135702624_small.jpg

Германия елінде Бундестаг сайлауы басталды, - деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасай отырып.

Германияның барлық қалаларында 24 қыркүйек, жексенбі күні таңертең жергілікті уақытпен сағат 08:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейтін сайлау учаскелері ашылды.

Неміс халқы ел үкіметін құрып, жаңа канцлерді сайлайтын жаңа Бундестаг құрамын таңдайтын болады. Сайлауға 42 партия қатысуда. Парламентке өту үшін үміткерлер кем дегенде 5 % дауыс жинауға міндетті. Негізгі қарсыластар Германия канцлері Ангела Меркель және Германияның социал-демократиялық партиясы (SPD) басқаратын консервативтік блок болып саналады.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар