«ОРЫС ЕМЕС, ОРЫСҚҰЛДАР ҚАУІПТІ» топтамасынан 5 жыр:
БҰЛ ЖАЛҒАНДА ЕШТЕҢЕ ЖОҚ «МӘҢГІЛІК»!
Ақымаққа билік берсең, бүлдірер,
Ол әйтеуір бір жерінен ілдірер.
Деген мақал:«Қырғыз-Қазақ бір туған»,
Аңдағанға, көп нәрсені білдірер...
Қырғыз бізге о заманнан бауырлар,
Алатауда - екі ұлтта да ауыл бар.
Қырғыздарға қиын болса кішкене,
Қазақ жағы оны қатты ауырлар.
Ол мықтылар, туған ұлтын жасқаған,
Қырғыз сосын, ұлы жорық бастаған.
Ұлтын сатқан екі бірдей басшысын
Қырғыз бауыр тақтан жұлып тастаған.
Төзген емес басынуға, зорлыққа,
Сөз мергені - дәл тигізер «ондыққа».
Біздің қырғыз - жауынгер ұлт ерекше,
Ешқандай бір төзген емес қорлыққа.
Ынжық біткен кілең қорлық көреді-ау,
Аузындағын жырып оған береді-ау.
Қырғыздардың жүрек жұтқан ерлігі
Біз Қазаққа үлгі болмай келеді-ау.
Талқан етіп, жемқор басшы мазағын,
Сілкіп тастап, адам төзбес азабын.
Қырғыз - нағыз батыр туған ұлт екен,
Құрманбекке берді ауырын жазаның.
Ол Бакиев, адал болса қаша ма?
Ешқашан да ұлтқа зорлық жасама!
Егер таза адам болса, Құрманбек,
Бір-ақ түнде елін тастап аса ма?
Оны, анауды - Қырғыз ұлты өсірді,
Түзелер деп талай рет кешірді.
Ұлтын қырған ол жауызға ақыры,
Шындық жеңіп, ауыр жаза кесілді.
Күте-күте көз жанарың талса да,
Қайран Ұлтым, Әділетті бар сана.
Күшпен кетіп, қанмен жауап беретін
Ел қанаған таққұмарлар қаншама?
Өзгереді бәрі ішінде заматтың,
Дайын әне, қылмыскерге абақтың!
Өзін мәңгі билеуші деп санайтын,
Ұлтын сатқан жауыздарға сабақ бұл.
Талақ болса, өз ұлтының елдігі,
Мазақ болса, өз ұлтының ерлігі,
Туған Ұлттан безгендерді түбі бір
Ауыр жаза күтетіні белгілі!!!
Дүлейлерге Зауал келген не деген,
Жемқорларды, ұрыларды демеген,
Ел басшысы түбі жауап береді,
Болса дағы қай «құдайы» жебеген...
«Мәңгімін!» деп ойлар нағыз әңгүдік,
Ұрлау, тонау - сондайларға тән қылық.
Тірісінде олар түк те ойламас,
Ал, өмірде ештеңе жоқ Мәңгілік!
Деп ойлама: «есептейміз қаншаға?..»
Ұлтым өзің қажы ма да, шаршама.
Сөйтіп, «мәңгі» - сотталыпты мәңгіге,
Бакиевтей «мәңгі» бізде қанша ма...
ҚАЗАҚ ПЕН «ҚАЗАҚСТАНДЫҚ» ТУРАЛЫ ХИКАЯ
Бар Қазақ түбі оңар ма?
Қазаққа «Бірлік» қонар ма?
«Қазақ» деп айтам ҚАЗАҚТЫ,
Ал, «ҚАЗҚСТАНДЫҚ» олар да:
Орысша сөйлеп сөздерін,
Көресің көзбен... «езгенін».
«Қазақ» деп айтса болғанмен,
Орысқа теңер өздерін.
Қанаты Ұлттың қайрылған,
Қазақ жоқ оған қайғырған.
Қазақ пен «қазақстандық»
Осылай қаққа айрылған.
Күн бар да және Ай бар да,
Екеуі екі майданда.
Біреу - Қазақ боп қалған,
Біреуі - Ұлттан тайған да...
Бірінде басым - Құштарлық,
Бірінде басым - «Дұшпандық»
Екеуі бір Ұлт болғанмен,
Қазақ пен «қазақстандық».
Қазақты - Қазақ езгендер,
Құштарлық - қауіп сезгендер.
Құштарлық - таза Қазақ та,
Дұшпандық - Ұлттан безгендер,
«Қазақстандық» - болыстар,
(Тізгінді бүгін сол ұстар).
«Қазақстандықтар» негізі
Орыстан бетер «орыстар».
Кеткендер солар бетімен,
Сөйлейтін солар «көтімен».
Қожайындарына да орыстай
Ал сұмдар - «адал» шетінен.
Солардың жоғын жоқтаған,
Соларша және боқтаған.
Орысын мақтан тұтумен
Соларша күн-түн оттаған.
Бір жан жоқ және «тәйт-таған!»
Бір-бірін олар майттаған.
Оларға орыс ешқашан
«Ұлтыңнан без» деп айтпаған.
Қазақтың тілі өшуде,
Қазақтың діні өшуде.
Ал, таза қазақ бүгінде
Өгейдің күнін кешуде.
Қазақы Қазақ «оңбаған!»,
Орысты - «шала» қолдаған.
«Шалалар» - алып үстемдік,
Қазақты - Қазақ қорлаған.
Қазақты - теуіп тыстаған,
Қазақ - құл, Қазақ - күс табан.
Орыстан өткен орыстар
Орыстық билік ұстаған.
«Шала орыс» бүгін - бұл «аға»,
Сен, одан сауға сұра ма?
Қанқұйлы Қызыл билігі
Қалдырған Ұлтқа Мұраға...
Істері орыс аумаған,
Қазақтық түгі қалмаған.
Орыстан өткен орыстар
Билікті тұтас жаулаған.
Құлдықтың жолы - жар басы,
Орыстың жолы - таңдасы.
Ал, бұлар шыны, кешегі
Құл-құтандардың жалғасы.
...Есте ме, «Қызыл» бұрқағы,
Естіні бірден құртады.
Ал, бұлар шыны кешегі
Қызыл жендеттердің ұрпағы.
Ұлтынан қалай безгені,
Жетпіс жыл есте езгені.
Ал, бұлар шыны кешегі
Коммунистердің көздері.
«Таппенен» даңқы асқандар,
Аяқты алшаң басқандар.
Байлар мен оқығандарды
Атқандар менен асқандар...
Бұлардың ата тектері,
Бұлардың қалың беттері.
Тексізден туған құл-құтан
Тектіге тіптен кекті еді.
Бәрін де құлша безбендер,
Билікте бүгін бездеңдер.
Тәуелсіздікті негізі
Алғандар - Ұлттан безгендер.
Қанша бер, бәрін асамақ,
Дінсіз бен тілсіз - аса қат.
Осылар бүгін Қазақты
«Қазақстандық» жасамақ.
Оқ атқан ұлтқа тасадан,
Тектіге туа қас адам.
«Қазақстандық» дегенді
Осылар ойдан жасаған.
Өзі - құл, тағы құл етпек,
«Шүлдірден» - билік түлетпек.
Ал, бұлар сөйтіп, Қазақты
Құндылықтарынан тұл етпек!
Орысша сөйлер туғалы,
Қазақпен бірақ, бір қаны.
Ал, бұлар туа орыстың
Құлақкесті де құлдары.
Алған беттерінен де тоқтамас,
Қазақша титтей «оттамас»
Ал, бұлар шыны ешқашан
Қазақтың жоғын жоқтамас.
Орекеңдердің өгізі,
Орекеңдердің егізі.
Қаптаған қара «олжастар» -
Орыстан қара негізі.
Айырған Ұлтты дінінен,
Айырған Ұлтты ділінен,
Бүгінде солар билікте
Айырған Ұлтты тілінен.
Тілсіздер - Құдай саналар,
Дінсіздер - былай саналар.
Қазақтай Ұлтты қорлаған
Орыстар емес, аналар.
Ұлтыма сор боп бұл дағы,
Тіл менен дінді былғады.
Ал, Қазақ, ана шошқадай
«Қазақстандықтардың» құлдары.
Қазақтың қанын сорады,
Көз жастан көлдер толады.
Түбінде «күрес» - анығы
«Қазақстандықтармен» болады.
«Ұлтым!» деп жүрек езілер.
«Ұлтым!» деп ару егілер.
Азамат соғысындағы
Сияқты қандар төгілер.
Бір Ұлтты - бір Ұлт қырады,
Дұшпандар - тұзақ құрады.
Екі жағы да Қазақтың
Бәрін де тым кеш ұғады.
...Алды да сондай құйын бар,
Алды да сондай «қиын» бар.
Сондықтан қандас бауырлар,
Естеріңді ерте жиыңдар!
Жат жақтан үлгі алмаңдар,
Шақырғандарына да бармаңдар.
Бәрі бір біздер Қазақпыз,
Обалына Ұлттың қалмаңдар!
Обалына Ұлттың қалмаңдар!!!
«БАҚЫТТЫ» «ШҮЛДІРБИКЕЛЕР»...
Үйкемес жерге үйкелер,
Сүйкемес жерге сүйкенер,
Қатыны, қызы, ойнастар,
Барлығы - «Шүлдірбикелер»...
Оларда дәйім - күйіт өнер,
Күткенше оны – ит өлер,
Былқылдап және сылқылдап,
Жүреді «Шүлдірбикелер».
Жорғалап құлы жалынған,
Миялулап, жалап, жағынған.
Мойын мен қолда – асыл тас,
Алтынға тұтас малынған.
Ішпедің, әлде іштің бе,
Қажет-ау сонша күш кімге?
Қазақтың барлық байлығы
«Шүлдірбикелер» үстінде.
Кеше алған, тағы алдырды-ай,
Мойынға, қолға, салдырды-ай.
Қазақтың сонша байлығын
Жатса да тонап қалдырмай,
Қазақтың өзін, тілін де,
Тоңқаңшыл анау дінін де,
Қатындар менсінген емес,
«Қазақбайлардың» бірін де.
Тағы да оған үйкелер,
Тағы да оған сүйкенер,
Ешқашан тойып көрмеген,
Осынау «Шүлдірбикелер».
Қазақты көрсе: «кім?»-дейді,
Тілдерін, тіпті, білмейді.
Аты жоқ ана қалада
«Тоқалдар» - шалқып жүр дейді.
Ал, бұлар – кімнің қатыны?
Ал, бұлар кімнің «жақыны?»
«Оларды» бірден таниды,
Жеткен бір Қазақ ақылы...
Байлықпен шалқып, күн көрер,
«Мың бір түндегі-дей.» түн көрер...
Қазақтан азған «шүйкелер» -
Жүр дейді «Шүлдірбикелер!..»
Кім дайын, қазір сүйкенер?
Үйкелер келіп, үйкелер...
ӨҢ МЕНЕ ТҮС НЕМЕСЕ ҰЛТТЫҚ ҚАСІРЕТІ!..
...Қазағыма Бақыт болып оралған,
Ұлтым үшін оралыпты сол Арман.
Міне, ғажап, шүлдірлеген шіркіндер,
Басшысымен - тарихтан жоғалған!..
Қазағыма бір керемет Бақ қонған!
Менің ұлтым, қуаныштан шаттанған!
Тазарыпты Қазағымның ауасы
Тексіз біткен – келмес жаққа аттанған!..
Жүз пайыз Ұлт - таза Қазақ тілінде,
Бұзылмаған таза Қазақ түрінде,
Қорлап келген орысқұлдар ұзақ жыл,
Ұлттық Мүдде - жеңген екен түбінде!
Қазақ саны -30 миллионнан асыпты,
Бұл жағынан кілең алға басыпты.
Ғалым саны - сан миллион деседі,
Ұлттық ғылым - мұхит болып тасыпты!
Ұлт үстінен қайғы бұлты сөгілген,
Саналарға Ұлттық үлгі себілген.
Мектептерде - қоңыраулар орнына
Күмбір-күмбір!.. Қазақ күйі төгілген!
Әшкере еткен небір былық-шылықты,
Қазақ ұлты: «Бар»- дегенді шын ұқты!..
Орысқұлдар - ойлап тапқан «140
Ұлт!» деген де - өтірік боп шығыпты!
\Кәндендердей бір-біріне ылыққан,
Ол тексіздер - жемқор құлдар былыққан...
«Кеден-седен», «одақ-модақ» дегеннің
Аттарын да халық мүлдем ұмытқан.
Енді ойласам, құлдық екен баяғым,
Ұлттың даңқын бар әлемге жаямын.
Мәскеу - бізбен тең тұрғыда санасып,
Қытай дағы - байқап басқан аяғын.
Ұлттан шыққан барлық маман - Ми екен,
Ойлы бастар - жаңалыққа ұя екен.
Біз шығарған ең сапалы өнімдер,
Әлем болып, сұранысқа ие екен.
Бар мен жоқ та, бай, кедей де - тең екен,
Бірге туған Қазағыммен Берекем.
Көп партия - тең партия саналған
Қазақ Елі - Парламенттік ел екен.
Ең бірінші - Ұлт мүддесі бүгінде,
Соны сыйлар ұсағың да, ірің де.
Барлық БАҚ-тар, телеарналар - бір ғана
Мемлекеттік жалғыз Қазақ тілінде.
Кәсіпорын - ауыры мен жеңілі,
Қуат көзі - әлемдегі ең ірі,
Қазақтардың алуан-алуан киімі,
Қазақтардың алуан-алуан көлігі..
Астық өскен - тың өлкенің төсіне,
Жетіп жатыр Қазағыма несібе.
Қазақтардың төрт түлігі мыңырған,
Сыймастай боп ұлы дала төсіне.
Тек еңбек ет, ешқашан да шаршама,
Қолы бостық, жұмыссыздық - ар сана.
Ет те, сүт те - мұхит болып тасыған,
Жеміс-жидек, көкөністер қанша ма?
Қуат көзі - су мен күнге ауысқан,
Көз тартады мұнаралар алыстан.
Орысқұлдар - баяғы да-ақ Қазақтың:
Алтын-күміс, мұнай-газын тауысқан...
Шаршамаған сол ұрылар тонаудан,
Із қалмаған бүгіндері олардан.
Парақорлық, жемқорлықтар сондағы
Тексіздермен бірге мүлдем жоғалған...
...«...О ғажап-ай, о арман-ай, арман-ай!..»-
Деп жатқанда, мен оянып қалғам-ай...
Түсім екен, түсім екен, Жалған-ай,
О Жалған-ай, Жалған-ай!
Сол заматта - түнек болып таңғы арай,
Жүрек шаншып, сыздап кеткен жан жара-ай!..
Бір орысқұл - көк желкемнен сол сәтте:
«Ох, баран!» -деп, мені түйіп қалғаны-ай!
Шұбар, шұбар, бұлдыр бет,
Ол атақты Шыңғырбек!
Түрі - қазақ, тілі - орыс:
-Ты, сволоч, сволоч!-деп шүлдірлеп.
Сөз ұқпайтын бұл шошқаға не дейсің,
Сен, Қазақсың! Сонықтан да өгейсің!..
Қолындағы жылан таспа бишікпен
Қазақтарды сабап берді дегейсің!..
Ауыр соққы! Қос құлағым күңгірлеп!
Мен қазақша бірдеңе деп міңгірлеп ...
Сібір жаққа кетіп бара жатырмыз,
Кілең Қазақ - сапқа тұрып, бір, бірлеп!..
Жазылмастай Қазақ Жаны жаралы!
Не істесе де, сорлы Қазақ жалалы!..
Ауыр жолда – қанша Қазақ қырылып,
Ал, қаншасы – кемтар болып қалады.
Сол тексіздер - баяғыша еседі,
«Бұл достық!» деп баяғыша бөседі!
Қазақ жерін «2000 Ұлт!» мекендеп,
Ал, Қазақтың көзін құртқан деседі.
Көз ашпайтын кілең бұлың-бұлыңнан,
Тұтас билік - ұлттан теріс бұрылған,
«Қазақ» атты мемлекеттің орнына
«ШҮЛДІРСТАН» губерниясы құрылған.
Сол ұрылар - әлі дағы ұры екен,
Мәскеу атты қожайыны «ірі» екен!
«Шүлдірстан» -губернясы болған соң,
Орекеңнің құлақкесті құлы екен.
Сол Шүлдірбай - тақта мәңгі бір құдай,
Қазағымның барар жері – құрдым-ай!..
Мұның бәрі – осы тексіз шығарған
«Еуразияның» зардабы екен, сұмдық-ай!..
ОРЫС ЕМЕС, ОРЫСҚҰЛДАР ҚАУІПТІ!
Ластап, лайлап, суы мөлдір суатты,
Көк жайлаудың отын таптап, сұлапты...
Орысқұлдар армиясы білдіртпей,
Қазақ Елін жаулап алған сияқты.
Тексіздердің армиясы жосылған,
Әңгүдіктер ойындары осылған...
Ал, оларға Жағымпаздар қосыны
Бір бүйірден көмекке кеп қосылған.
Шүлдірбайлық байқалмаған түрінде,
Солар билік құрып отыр бүгінде.
Ұзақ жылдар отарлаған Қазақты
Олар сөйлер қожайындар тілінде.
Ата-баба тілін сатып байырғы,
Ата-баба дінін сатып байырғы,
Ол байғұстар, қатын алмай Қазақтан,
Тапқан көбі орман жақтан қайынды...
Ұлтқа деген өшпенділік, наза бар,
Бөгде тілде оқып және жаза алар...
Отарлаушы ұлттан да асқан қатігез
Түрі Қазақ – Қазақ десе, сазарар!
Ұлттан шыққан – тексіздердің Тексізі,
Ұлттан шыққан – бетсіздердің бетсізі!
Қазақтардың ұнамайды бет-жүзі,
Ұнағанмен Қазақтардың ет, тұзы...
Түсінікті, құл тілінде сөздері,
Сол құлдарша малталарын езгені...
Сезбейді олар Ұлттық ауыр қайғыны
Ұнамайды Қазақтардың өздері.
Шеттерінен биік мансап көздейді,
Құлша сезіп, Ұлтша ештеңе сезбейді.
Ана құлша сөйлемейтін сазарып,
Қазақтарға ешқашан да төзбейді.
Құлша және басқа көп тіл біледі,
Қазақтарға тас боп қатқан жүрегі.
Арқа тұтар олар әлі Мәскеуін,
Сонда күнде ұшып барып жүреді.
Бұлар рас – тек соларға сенеді,
Түсінікті, себебі ме, себебі...
Тексіз болып туғандары үшін де
Біздей «мәмбет» қазақтарды сөгеді.
Құл-құтандай тәрбиесіз туар ма,
Деу сандырақ: «ата жолын қуар ма?...»
Біздің Ұлттық тәрбиені қоя тұр,
Ұлттық намыс, ар-ұят жоқ бұларда.
Олар емес, «сен, Қазақты» бағатын,
Қожайыны, әне, арқаға қағатын...
Біз осындай қасіретті Ұлт болдық,
«Іштен шыққан жыландары» шағатын.
Қаққа бөлген Қазақ деген халықты,
Бұл шіркіндер, болмас ұлтқа ауыпты.
Шынымды айтсам, келешекте Қазаққа
Орыс емес, орысқұлдар қауіпті!!!
Жұмаш КӨКБӨРІ
Пікір қалдыру