Әдебиет пен өнер саласындағы 2014 жылғы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы туралы Президент жарлығы шықты.
Президент жарлығында әдебиет пен өнер саласындағы 2014 жылғы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы мыналарға берілсін делінген.
1) Қажығали Мұханбетқалиұлына, жазушы - «Тар кезең» тарихи романы үшін; 2) Гүлнар Сейітжанқызы Салықбаеваға, ақын - «Кешіріңдер келгенімді өмірге» өлеңдер жинағы үшін; 3) Пантелей Константинович Кесоглуге, әнші - «Песня - душа моя» жеке концерті үшін; 4) Балнұр Балғабекқызы Қыдырбекке, композитор - «Реквием» вокалды-симфониялық шығармасы үшін;