Қытайдағы қандастарымыз арасында кеңінен танымал«Дастархан» маркалы азық-түлік өнімдер компаниясы көк тумен безендірілген кәмпиттер шығара бастады. Бағасы біздің ақшамен мөлшерлегенде 200-700 теңге аралығында. Естеріңізде болса Қазақстан туына ұқсатылған тауар белгісі де шыққан Қытай жұртынан. Тіпті іш киімге басылған Қазақстан туына да куә болғанбыз. Шыңжаң қазақтарына Қазақстан туралы ақпараттарды мүмкіндігінше аз ұсынатын аспан асты елінен енді қазақы маркалы, көк тумен көмкерліген кәмитті көргенде таңырқағанымызды жасырмаймыз.
Бір қызығы, Қытайдағы қандастарымзы мұндай кәмпит түріне әртүрлі көзқарас ұстануда. Бірі, бұл керемет болды, Қазақ елінің туын дастарханымыздан көріп отырсақ, көңіліміз жайланады екен десе, бірі жеп болғаннан кейін аяққа тапталады, сондықтан мұндай дүниеге мүлдем тосқауыл қою керек дейді.
«Дастархан» маркалы өнімдердің тек Шыңжаң қазақтарына арналғанын ескерсек, көк тумен көмкерліген кәмпиттің болғаны дұрыс шығар. Өйткені Қытай елі өзге мемлекеттің туын төріне шығара бермейді. Ал, мынау жүрегі елім деп соғатын қазақтарға таптырмас орай болған секілді. Қытайдағы қазақтілді интернет беттеріндегі пікірлерге қарап отырсақ, біреулер бұл кәмпиттің ішкі Қытайдан яғни таза қытай ұлтының қолынан шығатын дүние екеніне налиды.
Не десек те, Шыңжаңды мекендеген ұлтжанды бауырларымыз көк туды күнделікті көрсе, көп ойға қалатыны сөзсіз. Тіпті сол дәмнің қасиетімен ат басын атамекенге бұратын азаматтарда болуы ғажап емес. Сіз не дейсіз?
Пікір қалдыру