2017 жылы бауырлас елдер Түркия мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық байланыстың орнағанына 25 жыл толып отыр. Астана Юнус Эмре институты Түркияның Қазақстандағы елшілігінің қолдауымен осы оқиғаға арнап, «Айлық түрік фильмдері күні» атты шараны жыл бойы жалғастырып келеді.
Астаналықтар мен қала қонақтарына 30 қыркүйекте сағат 17.00-де Керуен ОСО-да әлемге әйгілі актер Бурак Өзчивит пен Фахрие Эвджен бас ролдерін ойнайтын «Махаббат саған ұқсайды» атты фильм ұсынылады.
Фильмнің оқиғасы Мугланың жағасындағы бір ауданда өтеді. Дениз -балмұздақ сатушысы, ал Әли болса балықшы. Дениз бұрынғы ғашығын ұмыту үшін аудан орталығына келіп балмұздақ сататын дүкенге жұмысқа орналасады. Бір күн көшеде Әлимен жолдары тоғысады. Алғаш көргеннен Денизді ұнатып қалған Әлидің махаббаты еш сөнбейді...
Фильм түрікше (орысша субтитрмен) көрсетіледі.
Күні : 30 қыркүйек
Уақыты : 17.00
Орны : Астана қ., Керуен ОСО, Достық к. 9, Kinopark 7, 4 зал
Кіру тегін.