Украинаның ІІМ-гі 2015 жылдыың аяғына дейін құқық қорғау органдары қызметкерлерінің тек 150-162 мыңын ғана жұмыспен қамтамасыз етпек.
Бұл туралы парламент отырысында Украианың ІІМ Арсен Аваков мәлімдеді. Арсен Аваковтың мәліметінше қазір қызметкерлер саны 178 мыңды құрап отыр. 2015 жылдың басына қарай бұл көрсеткішті 172 мыңға дейін төмендеуі мүмкін. Жыл соңына қарай тағы да қысқарту жұмыстары жүргізіледі екен. Украинаның қазіргі жағдайы осынша қызметкерді жалақымен қамтамасыз ете алмайтын көрінеді. Мәліметтерде қазірдің өзінде 8000 қызметкер берген антымен қызметтік тәртібін бұзғаны үщін қызметінен кетіпті. Ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап 20 000 қызметкер жұмыстан аластатылған. Донбасс қаласы құқық қорғау органдарының жартысынан көбісі жұмысынан айырылған. Донецк облысының милиция басқармасының бастығы Вячеслав Аброськиннің мәліметінше қызметкерлердің арасынан сатқындар шыққан. Украина тек құқық қорғау органдарына ғана шүйлігіп отырған жоқ. Жаздан бергі аралықта 25 000 шенеунікті қызметінен босатқан.