Франция музейінен шешінген Мона Лизаның эскизі табылды (фото)

/uploads/thumbnail/20170929105645979_small.jpg

Француздық арт-сарапшы Франция музейінде 150 жылдан астам уақыт сақталған портрет әлемге әйгілі Мона Лизаның эскизі болуы мүмкін екенін айтты, ― деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасай отырып.

Осыдан біраз уақыт бұрын шешінген қыздың портреті Монна Ванна портреті ретінде танылған. Сонымен бірге бұл портрет Леонардо да Винчидің студиясында салыныпты.  Қазіргі кезде сарапшылардың айтуы бойынша, танымал суретші екі портретті де өзі сала алған.

Лувредегі сараптамадан кейін мамандар да Винчидің бұл суретті аяқтамағанын айтқан. Портрет 1862 жылдан бері Франция астанасының солтүстігіндегі Шантий сарайында орналасқан музейде сақталып келеді.

Портретті зерттеп жүрген маманның бірі Моттен әзірге бұл портреттің Моно Лизаның эскизі екендігі дәлелденбегенін және де қазір зерттеу жұмыстарының жалғасып жатқандығын айтқан.

Қатысты Мақалалар