ДАИШ террористік ұйымының соңғы сағаттары ғана қалды, ― деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасай отырып. РФ Сыртқы істер министрлігі Интерфакс агенттігіне берген сұхбатында Жаңа қауіп-қатерлер мәселелері жөніндегі департамент директоры Илья Рогачев осылай деп мәлімдеді.
«Сирия мен Ресей қарулы күштерінің бірлесіп соққы жасауының нәтижесінде ДАИШ террористік ұйымының соңғы сағаттары таяп қалды. Содырлар ықпалындағы территория күн санап кішірейіп келеді», ― дейді департамент басшысы.
Министрлік өкілінің айтуы бойынша, террористік топтың бұдан әрі әрекет етуіне шетелдерден қаржыландыру, сондай-ақ, кейбір елдердің террористерге қару-жарақ жеткізілуіне тыйым салуды бұзуы әсер етеді.