35 жастағы америкалық NBC телеарнасының жүргізушісі Натали Паскварелланың толғағы тікелей эфирде басталған. Журналист кешкі жаңалықтарды жүргізу барысында өзінің сәбиін дүниеге әкелуге аз уақыт қалғанын білсе де, тікелей эфирдегі жұмысын тоқтатпаған. Бұл жайында gordonua.com жазады.
Тікелей эфир аяқтала салысымен телеканал қызметкерлері әйелді дереу ауруханаға жеткізген.
Белгілі болғандай, әйелдің толғағы 13 сағатқа созылған және ол баласын аман-есен дүниеге әкелген.
Пікір қалдыру