Ирактың Эль-Хавиджа ауданындағы қарулы қақтығыс кезінде «Сұңқар көз» және «Содырлардың аңшысы» аталып кеткен Абу Тахсин ас-Салихи есімді мерген көз жұмды, — деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасай отырып.
«Сұңқар көз» және «Содырларға бағытталған аңшы» деген лақап атты әскери азамат террористік ұйымдарға қарсы операция басталған уақыттан бері 300-ден астам содырдың көзін жоюына байланысты алған. Басра қаласында өткен әскеридің жаназасына әскер басшылары мен өте жақын танитын және сырттай ерлігін естіген жүздеген әскерилер де қатысты.
Ас-Салихи Ирак әскерінде 1973 жылдан бері қызмет етіп келген.