2014 жылы 10 желтоқсан Қазақстан Тәуелсіздігінің 23 жылдығы Бейжиңде тойланды, осыған орай Қазақстанның Қытайдағы елшілігінің кеңесшісі Марғұлан Күзекбаев Қытай халқаралық радиосының тілшісіне сұқбат берді.
– Қытай елінің астанасында болып жатқан шара туралы тоқтала кетсеңіз.
– Бүгін Қазақстан Республикасының ҚХР-дағы елшілігінде Қазақстан Тәуелсіздігінің 23 жылдығын тойлап жатырмыз, Қазақстан Тәуелсіздік алғаннан бері қаншама қиындықтарды басынан өткізді, қазір экономикасы дамып келе жатқан мемлекеттердің біріне айналуда. Осы жердегі елшіліктің атқарып жатқан жұмыстары өте үлкен. Екі ел арасындағы экономика, мәдениет, білім саласы болсын әр саланың өзіне тән дамушылықтары болды.
– Қазіргі екі ел арасындағы көпір болып жалғанып жатқан Жібек жолы туралы не айтасыз?
– ҚХР төрағасы Шижинпиң 2013 жылы Қазақстанға келгенде «Ұлы Жібек Жолы» деген идеяны ортаға қойды, сол идея бойынша Қазақстан, Орта Азия жәнеде басқа елдермен байланыс күн сайын дамуда. Әсіресе Қазақстан мен Қытай елінің ұлы Жібек жолының жаңа экономикалық белдеуі жоспары кеңінен дамып жатыр.
– Заман дамып келе жатқан кезде, екі ел арасындағы достықтың да тың өреге көтерілгенін байқай аламыз, екі ел қарым-қатынасы туралы пікіріңіз қалай?
– Бұл екі елдің достығы енді ғана қалыптасқан достық емес, бұл ертеден, атам заманнан жалғасып келе жатқан достық, ҚХР төрағасы Шижинпиң екі ел араластығы байланыс 3000 жылдық тәрихқа ие деп айтып өтті, осы 3000 жылдан бері жалғасып келе жатқан дипломатиалық қарым-қатынасы барысында екі елдің өзара түсіністігі, мәдениет алмасуы тіпті де жоғары белестерге көтерілді, бұл дамушылықтарды барлығымыз көріп отырмыз, ал енді бұдан кейінгі жаңа Қазақстан мен Қытайдың достығын сөзбен айтып жеткізе алмаймын, осы достығымыз күшейе берсін, арта берсін демекшімін.
Сұқбаттасқан: Нұрдәулет Бөкейханұлы(Пекин)
Пікір қалдыру