Сауд Арабиясында 40 адам әлеуметтік желідегі жазбасы үшін қамауға алынды

/uploads/thumbnail/20170727094149604_small.jpg

Сауд Арабиясында  құқық қорғаушылар әлеуметтік желіде ел арасында «алауыздық отын тұтандырғаны» үшін 40 шақты адамды қамауға алды. Бұл жайында Qamshy.kz ақпарат агенттігі Al Аrabiya мәліметіне сүйеніп хабарлайды.

Сонымен қатар, биліктегілер 22 адамды тұтқынға алды. Олардың ішінде  Катар азаматы да бар. Олар әлеуметтік желі арқылы ел арасында жағымсыз пікір таратқан.

Құқық қорғаушылар ғаламтордан «қоғамдағы тәртіпті бұзушылықты» байқаған. Хейл ауданынан 24 адам қолға түскен.

Қолға түскендер әлеуметтік желіде арнайы хэштег қолданғаны да анықталды.

Қатысты Мақалалар